АҚШ-тағы атыстан тоғыз адам көз жұмды
АҚШ-тың Калифорния штатында тағы да атыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Белгісіз біреу таңғы сағат 6 шамасында Сан-Хосе қаласындағы депода оқ атып, 8 адам көз жұмды. Артынша қылмыскердің өзі де оққа ұшты.
Жергілікті полиция өкілдері оқ атқан қылмыскер 57 жастағы Самуэль Кассиди есімді азамат деп мәлімдеді. Оның бұл әрекетке не себепті барғаны әлі беймәлім.
Айта кетейік, жыл басынан бері АҚШ-та 200-ге жуық атыс болған.