Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2022 жылғы әлем чемпионаты Финляндияда өткізіледі

2022 жылғы әлем чемпионаты Финляндияда өткізіледі

Шайбалы хоккейден 2022 жылғы әлем чемпионаты Финляндияда өткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дүбірлі дода 2022 жылы 13-29 мамыр аралығында сол елдің Хельсинки және Тампере қалаларында өткізіледі. Онда барлығы 16 құрама бақ сынайды.

Еске салсақ, алдағы жылы да биыл сынға түскен құрамалар қатысады. Коронавирус инфекциясына байланысты бірінші дивизиондағы іріктеу ойындары өткізілген жоқ. Сондықтан биыл әлем чемпионатының элиталық дивизионда ойнаған құрамалар толықтай орнын сақтап қалды.

Айта кетейік, биыл Еуропадан - Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Дания, Италия, Латвия, Норвегия, Ресей, Словакия, Финляндия, Чехия, Швейцария, Шевеция, Солтүстік Америкадан - АҚШ пен Канада, Азиядан - Қазақстан құрамалары қатысты.

egemen.kz

06 маусым 2021 ж. 367 0