Минскіде хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионаты қай айда өтетіні белгілі болды

Бұл туралы inform.kz «Барыс» ХК сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Әлемнің бас хоккей турнирі 21 мамыр мен 6 маусым аралығында өтеді. Мұндай шешім 22 маусым күні алғаш рет онлайн режимде өткен ИИХФ Конгресінде бекітілді.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасының қарсыластары Б тобында Германия, Латвия, Норвегия, Канада, Финляндия, АҚШ және Италия болмақ. А тобында Ресей, Швеция, Чехия, Швейцария, Словакия, Дания, Беларусь және Ұлыбритания құрамалары ойнайды.