Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда 3 жастан асқан балаларды вакциналауға рұқсат берілді

Қытайда 3 жастан асқан балаларды вакциналауға рұқсат берілді

Қытай 3 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға COVID-19-ға қарсы Sinovac Biotech вакцинасын қолдануды мақұлдады, - деп хабарлайды Reuters.
Sinovac фармацевтика компаниясының басшысы Инь Вайдунның айтуынша, егде жастағы адамдар кәмелетке толмаған балалармен салыстырғанда коронавирусқа қарсы вакцинацияға мұқтаж. Себебі, егде адамдарда инфекция жұқтырғаннан кейін ауыр салдар жиі кездеседі.

Сонымен қатар, клиникалық сынақтарға 17 жасқа дейінгі 500-ден аса бала қатысқан. Олар вакцинаның кіші және орташа дозасын алды. I және II фазаның алдын ала нәтижесі 3 жастан 17 жасқа дейінгі вакцина алушы балаларда иммундық реакция тудыруы мүмкін екенін көрсеткен, ал жағымсыз реакцияның көбі жеңіл түрде өтеді.
Инь Вайдун жас топтар үшін Sinovac вакцинасын енгізу мерзімі Денсаулық сақтау органдары қабылдаған Қытайдың вакцинация стратегиясына байланысты екенін айтты.
Бұрын Sinovac Sinopharm-нан кейін ДДҰ мақұлдаған екінші Қытай вакцинасы болған еді. Sinovac препаратының бірінші партиясы Алматыға 1 маусымда келген болатын. Қазақстан өңірлеріне коронавирусқа қарсы төртінші вакцинаны жеткізу 12 маусымнан кейін басталады.

tengrinews.kz
08 маусым 2021 ж. 486 0