Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Моңғолияда Президент сайлауы өтіп жатыр

Моңғолияда Президент сайлауы өтіп жатыр

Моңғолиялықтар осымен алтыншы мемлекет басшысын таңдайды.
Саяси додада халық партиясының, оппозицияның демократиялық партиясының және оңшылдар коалициясының көшбасшылары бақ сынамақ.

Айта кетейік, ел астанасы Ұлан-Батырда президенттік сайлау алдындағы үгіт-насихат науқаны коронавирус пандемиясының салдарынан белсенді ұйымдастырыла алмады.

Сарапшылар елдегі эпидахуалдың ушығуына байланысты сайлауға қатысу көрсеткіші де төмен болуы мүмкін деп отыр.

Моңғолия Президенті сайлауына Моңғол халық партиясынан Ухнаагийн Хүрэлсүх, Демократиялық партиясынан Содномзундуйн Эрдэнэ, «Дұрыс адам электораты» коалициянан Дангаасүрэнгийн Энхбат бақ сынайды.

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, 7 маусымда түнгі сағат 00:00-де сайлау алды үгіт насихат науқаны тоқтады.

baq.kz
09 маусым 2021 ж. 478 0