Алдағы 9 маусымда өтетін кезектен тыс Президент сайлауына түсетін кандидаттар арасында тікелей эфирде теледебат басталды. Оны Теледебатқа Nur Otan партиясының үміткері Қасым-Жомарт Тоқаев, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясынан түсетін Дания Еспаева және «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан Төлеутай Рақымбеков қатыспайды. Олардың орнына аталған үміткерлердің сайлауалды штабының өкілдері келген. Нақтырақ айтсақ, Nur Otan партиясы төрағасының орынбасары Мәулен Әшімбаев пен «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев және «Ауыл» төрағасы Әли Бектаев бар. Ал өзге 5 кандидат жарыссөзге қатысады. Жүргіуші ретінде – Ерлан Игісінов пен Қымбат Досжан таңдалған.