Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Украина және Грузия президенті ресми кездесу өткізді

Украина және Грузия президенті ресми кездесу өткізді

Украина Президенті Владимир Зеленский грузиндік әріптесі Саломе Зурабишвилимен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зурабишвили Украинаға алдыңғы түні ресми сапармен келді. Салтанатты жиын Мариинск сарайының жанындағы алаңда өтті. Президенттің кеңсесі кездесуді Facebook-те тікелей эфирде көрсетті. 
Салтанатты рәсім басында екі елдің әнұрандары шырқалды, содан кейін Зеленский мен Зурабишвили Украинаның құрметті қарауыл сарбаздарының алдынан жүріп өтті.

Кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізгеннен кейін Зеленский мен Зурабишвили бірлескен баспасөз мәслихатын өткізеді.
Айта кетейік, Зурабишвилидің сапары аясында Украинаның премьер-министрі Денис Шмигалмен және Жоғарғы Рада төрағасы Дмитрий Разумковпен кездесуі де жоспарланған.  
23 маусым 2021 ж. 308 0