Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үнді штамының антиденелерден "жалтару" қабілеті анықталды

Үнді штамының антиденелерден "жалтару" қабілеті анықталды

Коронавирустың үнді штамының жаңа "қабілеті" анықталды. Ол адам ағзасындағы антиденелерден жалтара алады. Бұл туралы америкалық Джордж Мейсон университетінің жүйелік биология мектебінің профессоры Анча Баранова айтты, - деп хабарлайды Lenta.ru.
Маманның айтуынша, әдетте жасуша вирус жұқтырған кезде оны бөліп, сыртқа шығады. Бұл жағдайда оған антиденелер шабуыл жасап, оны бейтараптандырады. Бірақ бірнеше жасуша құра алатын вирустар да бар (синцития). Яғни, ол жасушаны бұзбайды, керісінше басқаларымен бүйірлесіп қосылады. Егер вирус осылай жасаса, онда антиденелер оны мүлдем көрмейді.
"Антиденелерден бұлай қашу аурудың даму жылдамдығын арттыратын күшті инфекциялық процеске әкеледі", - деді профессор.
Сонымен қатар, Баранова синцития үнді штамының ерекше қасиеті болуы мүмкін екенін айтты.


kaz.tengrinews.kz
30 маусым 2021 ж. 434 0