Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 18 жастағы жігіт дүние жүзін ұшақпен шарлап, рекорд орнатты

18 жастағы жігіт дүние жүзін ұшақпен шарлап, рекорд орнатты

Ұлыбританияның 18 жастағы тұрғыны Трэвис Лудлоу бір моторлы ұшақпен дүние жүзіне саяхаттап, әлемдік рекорд орнатты.
Лудлоу – енді жер шарын 44 күнде айналып өткен ең жас ұшқыш. Алдыңғы рекордшы одан 13 күн үлкен болған. Ұлыбританиялық ұшақпен 40 мың шақырымнан аса жол жүріп, саяхатын Нидерландыда аяқтады.
Жас жігіт әуе кемесін басқаруға күн сайын сегіз сағат жұмсап, тәулігіне бір жарым мың шақырымға дейін тоқтаусыз жүрген. Лудлоудың жетістігі Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Басылым мәліметінше, рекорд орнатқан жігіт 13 елде – Нидерланды, Польша, Ресей, АҚШ, Канада, Гренландия, Исландия, Ұлыбритания, Ирландия, Испания, Марокко, Франция және Бельгияда тоқтаған.

(Интернет желісінен алынған)
17 шілде 2021 ж. 387 0