Токио Олимпиадасына барған бір спортшы жоғалып кетті
Уганданың 20 жастағы ауыратлеті Юлиус Ссекитолеко хат қалдырып, жоғалып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Kyodo News агенттігі мәлімдеді.
Уганда делегациясы 19 шілдеде Жапониядағы Олимпиада ойындарына қатысуға келген, құрамында тоғыз адам болған, алайда екі қатысушының ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен. Юлиус Ссекитолеко жаттықтырушысымен 20 шілдеде еліне оралуы керек болған.
16 шілдеде спортшы коронавирусқа жоспарлы сынама алу кезінде ұлттық құраманың лагерінде жоқ болып шыққан. Оның бөлмесінен хат табылған. Хатта Ссекитолеко Жапонияда жұмыс істегісі келетінін, Угандаға оралғысы келмейтінін жазған. Спортшы делегация мүшелерінен заттарын беріп жіберуді сұраған.
Тергеу кезінде Изумисано қаласында тұратын спортшы қонақүйден шамамен 200 шақырым жердегі Нагоиге дейін билет алып кетіп қалғаны анықталған. Жапония билігінің мәліметінше, бұл жерде өткен жылдың қорытындысы бойынша, шамамен 150 угандалық тұрады.
Уганда делегациясының басшылығы спортшыны іздеу жұмыстары бойынша жергілікті билікпен жұмыс істеп жатыр. Споршы бір рет угандалық шенеуніктің қоңырауына жауап бергені белгілі болды.