Әлемдегі ең бақытты және бақытсыз елдер

Visualcapitalist.com Бақыт туралы баяндаманың деректері негізінде 2021 жылғы әлемдегі ең бақытты және ең бақытсыз елдердің картасын жасады. Әр ел үшін бақыттың халықаралық индексі ЖІӨ, өмір сүру ұзақтығы және т.б сияқты көрсеткіштер негізінде есептелген 10 балдық шкала бойынша көрсетіледі. Индекс қаншалықты жоғары болса, ел халқы соншалықты бақытты екенін білдіреді.
Осылайша, Финляндия 7,8 индексімен Еуропадағы ең бақытты ел болды. Ал Украина халқы бақытсыз сезінеді: рейтингте 4,9 балл. Азияда Тайвань ең бақытты ел болып саналады (6,6), ал Ауғанстан ең бақытсыз ел болып танылды (2,5). Африкада ең бақытты адамдар Маврикийде тұрады (6,0), ал Зимбабве халқы өздерін бақытсыз сезінеді (3,1). Солтүстік және Оңтүстік Америкада ең бақытты адамдар Канада (7,1) және Уругвайда (6,4), ал ең бақытсыздар Гаити (3,6) мен Венесуэлада (4,9) тұратын болып шықты. Сондай-ақ Жаңа Зеландия (7,3) – әлемдегі ең бақытты 10 елдің қатарына енген еуропалық емес жалғыз мемлекет.
(Интернет желісінен алынды)