Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Италияда аптап ыстық 48 градусқа жетті

Италияда аптап ыстық 48 градусқа жетті

Италияда жаңа рекорд орнатты. Елде 48 градус ыстық тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz ANSA ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Егер бұл көрсеткіш тиісті талдаудан кейін расталса, бұл еуропалық континентте тіркелген ең жоғары градус болуы мүмкін. Ол 1977 жылдың 10 шілдесінде Афины қаласында орнатылған 48 градустық рекордтан және 1999 жылдың тамызында Сицилияның Катенануовасының бейресми стансасында тіркелген 48,5 градустық рекордтан асып түседі», деп мәлімдеді агенттікке метеоролог Мануэль Маццолени.
Италияда аптап ыстықтың басталуы Африкадан антициклонның жылжуымен байланысты.
12 тамыз 2021 ж. 234 0