Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауғанстан: Мыңдаған адам елден қашуға тырысып жатыр

Ауғанстан: Мыңдаған адам елден қашуға тырысып жатыр

Ауғанстанда мыңдаған ауғандық пен шетел азаматтары Кабул әуежайына ағылды. Олардың мақсаты - ұшақтан орын тауып, сырт елге бас сауғалау. Бұл туралы The Guardian хабарлады.

Тәліптер президент сарайына қоныстанғаннан кейін және ел президенті болған Ашраф Гани елден кеткен соң, Кабул орталығынан бес шақырым жерде орналасқан Хамид Карзай атындағы әуежайға енді тек «Талибан» қозғалысының бақылау бекеттері арқылы кіруге болады. АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Канада және басқа да көптеген ел өз азаматтарын Ауғанстаннан көшіруге тырысып жатыр.

baq.kz
16 тамыз 2021 ж. 462 0