Тоқаев Ауғанстан президентіне көңіл айтты

Төтенше жағдай салдарынан 12 адам қаза тауып, 179 адам жарақаттанған. Жексенбі күні Газни қаласындағы қауіпсіздік бөлімі ғимаратының жанында жарылғыш заттарға толы автокөлік жарылып, бейбіт тұрғындар зардап шеккен болатын.
Лаңкестік оқиғаны "Талибан" радикал қозғалысының содырлары ұйымдастырғаны анықталды.