Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғызстан қазақстандық вакцинаны неге салдырмай отыр?

Қырғызстан қазақстандық вакцинаны неге салдырмай отыр?

Денсаулық сақтау өкілдерінің мәлімдеуінше, препараттар туралы теріс әрі тексерілмеген ақпарат таратылмаса, екпе салдырғандардың саны одан да жоғары болар еді. Ал осы кезде қырғыз дәрігерлері QazVac вакцинасын қолдануға дайын. Олар сарапшылардың тәуелсіз комитетінің нұсқауларын күтіп отыр, деп жазады Egemen.kz «Хабар 24-ке» сілтеме жасап.

Қырғызстанға ресейлік Спутник V, еуропалық АстраЗенека, қытайлық Синофарм және қазақстандық QazVac вакциналары жеткізілді. Ең кең тарағаны және қолжетімдісі – Синофарм препараты. Оны тіпті әуежайға ұшып келгенде салдыруға болады. Қырғыстан 56 жауынгерде қатты жанама әсері байқалғаннан кейін АстраЗенеканы қолдануды уақытша тоқтатты. QazVac тексерудің соңғы сатысынан өтіп жатыр. 

«Біздің дәрі-дәрмектер департаменті ұсынылған барлық құжатты қарастырып жатыр және жетіспей жатқан құжаттарды сұратып үлгердік. Сондай-ақ бұл вакцинаны сарапшылардың тәуелсіз комитеті де тексеруде, тиісті нұсқаулар алғаннан кейін бірден қолдана бастаймыз», деді республикалық иммунопрофилактика орталығының директоры Гүлбара Ишенапысова.
Қазақстанда шығарылған вакцинаның 25 мың данасы Қырғызстанға қайырымдылық көмек ретінде шілде айының басында жеткізілді. Оның жарамдық мерзімі – 6 ай. Денсаулық сақтау министрлігінің өзі оны тезірек қолдануға мүдделі.
18 тамыз 2021 ж. 409 0