Ұлыбритания 20 мың ауғандық босқынды қабылдайды
Қоныс аударудың жаңа жоспары аясында бес жыл ішінде Ұлыбритания Ауғанстаннан 20 мың босқынды қабылдайтын болды.
Бұл туралы Британияның ІІМ басшысы Прити Пател мәлімдеді деп хабарлады Reuters.
Пателдің сөзінше, босқындар Ұлыбританияда қауіпсіз жаңа өмір бастай алады.
Жалпы жоспар бойынша бес жыл ішінде Британияға 20 мың ауғандық босқын орналасады. Бұл ретте оның бес мыңы елге 2021 жылдың соңына дейін келмек.
Ұлыбританияға негізінен әйелдер, қыздар, діндарлар келеді деп жоспарланып отыр.
The Guardian хабарлағандай, бұл жоспар сириялықтардың жоспарына ұқсас келеді. Оның аясында 2014 жылдан бері 20 мың адам елге қоныстанған болатын.
baq.kz