Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлыбританияда коронавирустың тағы бір жаңа түрі анықталды

Ұлыбританияда коронавирустың тағы бір жаңа түрі анықталды

Ұлыбританияда коронавирустың жаңа мутациясы анықталды. Мутацияның жаңа түрі Дания, Аустралия және АҚШ-ты қоса алғанда 10 елге тараған. Ғалымдар жаңа мутация антиденелерге төзімді болуы әбден мүмкін деп алаңдайды.

Guardian Шотландия ғалымдарына сілтеме жасай отырып, жаңа штамм B1525 аталады деп хабарлады. Эдинбург сарапшылары бұл штамды Дания, Ұлыбритания, Нигерия, АҚШ, Франция, Гана, Канада, Аустралия, Иордания және Испанияда алынған сынамаларды талдау арқылы анықтаған.

Басылымның хабарлауынша, бұл штамның алғашқы жағдайлары 2020 жылы 20 желтоқсанда тіркелген.

Ғалымдар вирустың жаңа нұсқасы Ұлыбританияда кең таралған B117 штамынан, E484K тәж ақуызының мутациясынан ерекшеленеді дейді. Бұл мутация вирусты антиденелерге төзімді етеді.

Осыдан кейін Шотландия мамандары үкіметтен вирустың жаңа нұсқасы анықталған жерлерде көбірек сынақ өткізуге шақырды.

10 ақпанда ДДСҰ Ұлыбританиядан шыққан штамм тағы алты елде анықталғанын және оның таралған елдерінің саны 86-ға жеткенін хабарлады. Бастапқыда ОАР (501Y.V2), Бразилия және Жапонияда (P.1) анықталған вирус штамдарының географиялық таралуы да кеңейді.

massaget.kz

17 ақпан 2021 ж. 502 0