Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейде ұрланған төрт көлік Солтүстік Қазақстаннан табылды

Ресейде ұрланған төрт көлік Солтүстік Қазақстаннан табылды

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері автокөлік жөндеу мен тұрақтарды тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жұмыс барысында 581 көлік тексерілді. Нәтижесінде Ресейде іздеуде жүрген 4 шетелдік көлік анықталды. Олар алынып, Петропавл қаласындағы мамандандырылған автотұраққа қойылды.
Сондай-ақ шара аясында қалалық және аудандық полиция қызметкерлері бұрын жасалған үш қылмысты, оның ішінде «өткен жылдар» санатындағы қылмыстарды ашты. Полицейлер екі Opel көлігі мен бір Audi 80 көлігін тапты.
Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
20 тамыз 2021 ж. 330 0