Әскери тікұшақ Калифорния жағалауында теңізге құлады

АҚШ Әскери-теңіз күштерінің 3-флотының сайтында жарияланған хабарламада Abraham Lincoln атомдық әуе тасымалдағышының бортынан аттанған MH-60S тікұшағы Сан-диего қаласынан шамамен 110 шақырым жерде теңізге құлағандығы айтылады. Болған оқиғаның себептері анықталып жатыр. Әскери-теңіз күштері АҚШ-тың Жағалау күзетімен бірге іздестіру-құтқару операциясын жүргізуде.
inform.kz