Қытай 5 мың адамға арналған халықаралық карантин орталығын салып жатыр
Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанчжоу қаласында 5000 адамға арналған халықаралық карантин орталығы ашылады, деп жазады Egemen.kz.
Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, Гуанчжоу халықаралық карантин орталығы қыркүйек айының соңында іске қосылады. Қазіргі уақытта барлық ғимараттың құрылысы аяқталған, нысанның аумағын абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр.
Кешен 25 гектар аумақта орналасқан және А, В, С, Д сынды төрт бөлімге бөлінген. Медициналық мекемеде 5 мың оқшауланған бөлме бар.
Айта кетейік, Қытайға келетін барлық халықаралық рейстің 80-90% Гуанчжоу арқылы өтеді.