Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақжарқын Тұрлыбай өмір бойы Қытай түрмесінде қалады - сот үкімі

Ақжарқын Тұрлыбай өмір бойы Қытай түрмесінде қалады - сот үкімі

Қытай соты Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты үкімді күшінде қалдырды, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.
2019 жылдың 27 желтоқсанында Гуанчжоу сотында есірткі контрабандасымен айыпталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды.
Қытай соты өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімін күшінде қалдырды.
Кездесуге заңгерлер, Қазақстанның ҚХР-дағы елшілігінің консулы қатысты.
Сот үкімі 10 күннен кейін күшіне енеді.
Естеріңізге сала кетсек, Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу қаласының әуежайында есірткі контрабандасымен айналысты деген күдікпен ұсталған еді. 2015 жылы маусымда 21 жастағы қыз өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Кейін апелляциялық сот бұл шешімнің күшін жойған.
2016 жылы қарашада апелляциялық сот тыңдауы өтіп, коллегия шешім қабылдау үшін жиналыс бөлмесіне шығып кеткен еді.
Биылғы жылдың 3 қыркүйегінде Гуанчжоуда Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты сот отырысы өтті.
27 желтоқсан 2019 ж. 1 113 0