Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақжарқын Тұрлыбай сияқты: Ресейлік бойжеткен Вьетнамға өмір бойына сотталды

Ақжарқын Тұрлыбай сияқты: Ресейлік бойжеткен Вьетнамға өмір бойына сотталды

Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдырын қайталады! Ресейлік бойжеткен Вьетнамға есірткі кіргізгені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Мария Дапирка өлім жазасына кесілуі мүмкін еді.

Маша 2014 жылдың жазында Сингапурден Хошиминге ұшып келген кезде ұсталған болатын. Кеден қызметінің қызметкерлері оның сөмкесінен кокаин тауып алған. Ал Машаның өзі есірткіден хабарсыз екенін, ал шабаданын досы сұрап алғанын айтқан болатын.
 
Қыздың қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов әрі қарай да Машаны құтқарып алу үшін күреспек ниетте.
 
Ағасының айтуынша, Машаның түрмедегі жай-күйі оның денсаулығына кері әсер етпейді. Ол бос уақытында спортпен және йогамен айналысады екен.
Айта кетейік, Сұңқар Нұрмағамбетов қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың да қорғаушысы. Отандысымыз есірткі тасымалдағаны үшін істі болып, қазіргі уақытта сот шешімін күтіп жатыр.
Stan.kz
05 мамыр 2018 ж. 3 369 0