Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ДЕНИС ТЕНДІ ӨЛТІРДІ ДЕП АЙЫПТАЛҒАН ҮШ КҮДІКТІГЕ СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ

ДЕНИС ТЕНДІ ӨЛТІРДІ ДЕП АЙЫПТАЛҒАН ҮШ КҮДІКТІГЕ СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ

Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты күдіктілерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі сот залынан.

Сот шешіміне сәйкес, Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов 18 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ал, үшінші күдікті Толыбаева Жанар 4 жылға сотталды.
Сотты Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарылық сот төрешісі Кеңшілік Әбілдинов жүргізді.
Айта кетсек, кеше өткен сот жарыссөзінде мемлекеттік айыптаушы аталған іс бойынша өтіп жатқан  Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовты 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал Жанар Толыбаеваға 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұрады.
Stan.kz
17 қаңтар 2019 ж. 872 0