Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейде Ан-26 ұшағы радардан жоғалып кетті

Ресейде Ан-26 ұшағы радардан жоғалып кетті

Ан-26 ұшағы Ресейдің Хабаровск өлкесінде радардан жоғалып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы РИА Новости мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, Ан-26 бортында алты адам болған.

«Хабаровскінің оңтүстік-батысында 38 шақырым жерде бортында алты экипаж мүшесі бар Ан-26 ұшағы радардан жоғалып кетті», деді агенттікке төтенше жағдайлар қызметінің өкілі.

Хабаровск әуежайынан жоғалған көлік ұшағын іздеу үшін Ми-8 тікұшағы көтерілді.

Ан-26 байланыс құралдарының жұмысын тексеру үшін техникалық ұшу орындағаны хабарланды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ «Летные проверки и системы» Жабық акционерлік қоғамға тиесілі.
22 қыркүйек 2021 ж. 452 0