Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейде апатқа ұшыраған Ан-26 ұшағының сынықтары табылды

Ресейде апатқа ұшыраған Ан-26 ұшағының сынықтары табылды

Хабаровск өңіріндегі «Спартак» тау-шаңғы базасының маңайында радардан жоғалып кеткен Ан-26 ұшағы табылды.

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша «Спартак» тау-шаңғы базасының маңайынан қираған ұшақ табылды. Бұлт сейіліп жатыр. Аталған аймақты шолу мүмкіндігі де жақсарып келеді. Ми-8 сол аймаққа қонуды жоспарлап отыр, - делінген хабарламада.
Айтуынша, қазір құтқарушылар қонуға орын іздеп жатыр.
Бұл ақпаратты Хабаровск өңіріндегі қорық дирекциясы растады.
Иә, Ан-26 ұшағының сынықтары Корфовский ауылынан үш шақырым жерде Большехехцирский қорығының аумағындағы жотадан табылды. Қазір қызметкерлеріміз құтқарушыларға жергілікті елді мекенде бағыт-бағдар табуға көмек көрсетуде, - деді қорық өкілі.
Түнде әуеден барлау жұмыстары аяқталған болатын, себебі ауа райы мен елді мекенді шолу нашарлығы оған мүмкіндік бермеді. Бүгін таңертең Ан-26 ұшағының апатқа ұшыраған жері табылды деген хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Ресей ТЖМ авиа-құтқару орталығының Ми-8 тікұшағы жіберілді. Сондай-ақ Росавиацияның әуе кемесі де жөнелтілді.
Жалпы құтқару жұмыстарына 70 қызметкер мен 20 техника жұмылдырылды.
Еске салсақ, Ан-26 ұшағы радарлардан Хабаровск өңіріне 38 шқырым жерде жоғалып кетті. Бортта экипаждың алты мүшесі болды. Алдын ала болжам бойынша апатқа нашар ауа райы себеп болған.

baq.kz
23 қыркүйек 2021 ж. 380 0