Ресейдегі ұшақ апаты: Экипаж мүшелерінің мәйіті табылды

Бұл туралы РИА Новости мәлімдеді.
«Мәскеу уақытымен сағат 10.55-те (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 13.55) Ан-26 апат орнына алғашқы іздестіру тобы шықты. Экипаждың барлық мүшесі қайтыс болды, мәйіттері табылды», деді агенттікке төтенше жағдайлар қызметінің өкілі.
Хабаровск маңында жоғалып кеткен Ан-26 ұшағының сынықтары Большехехцир мемлекеттік табиғи қорығы жотасының жоғарғы жағында табылған.
Айта кетейік, Ан-26 ұшағы Ресейдің Хабаровск өлкесінде радардан жоғалып кеткені хабарланған болатын. Ведомство мәліметінше, Ан-26 бортында алты адам болған.