Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бензин тапшылығы проблемасы туындады

Бензин тапшылығы проблемасы туындады

Ұлыбританияда жанармай бекеттерінде бензин тапшылығы сезілуде. Британия үкіметінің хабарлауынша елде отын бар. Алайда оны тасымалдайтын жүк көліктерін жүргізетін жүргізушілер жетпей жатыр. Салдарынан бензин жанармай бекеттеріне уақытылы жеткізілмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews сайтына сілтеме жасап.
«Британдықтарда тамақ та, отын да болатындай жағдай жасау керек. Үкімет жақын арада бізге шетелдік жүргізушілердің қажет екенін мойындау керек еді», – дейді Автомобиль көлігімен тасымалдаушылар қауымдастығының мүшесі Род Маккензи. Көлік министрі Грант Шэппс проблеманың бар екенін мойындады. Оның айтуынша, үкімет оны шешу үшін жұмыс істеп жатыр. Автомобиль көлігімен тасымалдаушылар қауымдастығының бағалауына сәйкес, корольдікке жүк көлігін жүргізетін 100 мың жүргізуші қажет. Ел билігі шетелдік жүргізушілерге жұмыс істеуге уақытша рұқсатнама беруді жоспарлап отырғаны хабарланды. Бұл тек қана отынды емес, сонымен қатар азық-түлікті уақытылы жеткізіп отыру мәселесін жақсартады деп күтіледі.

syrboyi.kz
26 қыркүйек 2021 ж. 348 0