Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігерлер ер адамның асқазанынан бір келіден астам шеге алды

Дәрігерлер ер адамның асқазанынан бір келіден астам шеге алды

Литвада, Клайпеда университетінің ауруханасында дәрігерлер ер адамның асқазанынан бір келіден астам шегелерді, бұрандаларды және басқа бөгде заттарды алып тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап. 

Дәрігерлердің айтуынша, ер адам алкогольден бас тартқаннан кейін бір ай ішінде металл заттарды жұтып жүрген. Операция кезінде алынған заттардың кейбіреулерінің ұзындығы 10 см-ге дейін жететін көрінеді. Хирург Сарунас Дайлиденас мұны "ерекше жағдай" деп атады. Ота 3 сағатқа созылған.
Ауруханада түсірілген фотосуретте металл заттарға толы хирургиялық ыдыс көрсетілген. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты, дәрігерлер бақылауында.
03 қазан 2021 ж. 500 0