Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемдегі үш сөзден тұратын ең қысқа әңгімелер

Әлемдегі үш сөзден тұратын ең қысқа әңгімелер

Адамзат тарихында қаншама кітаптар жазылып, оның қаншасы өз еңбегін ақтай алды екен. Жазылып, жарық көруіне он шақты жыл кеткен шығармалар, әңгімелер де қаншама. Кейбір шығармалар томтом болып, оқиға желісімен бірнеше кітап жазылып, қаншама данамен шықты десеңші.
Сіз тек бір сөйлемнен, тіпті бір-екі сөзден ғана тұратын әңгімелер де бар екенін білесіз бе? Ендеше, назарларыңызға авторлары белгілі-белгісіз әлемдегі ең қысқа шығармаларды ұсынамыз.
Бұл шығармалардың барлығы «ең қысқа» болғандықтан, түсінуге қиындық тудыруы мүмкін. Әлбетте, түпкі мағынасы астарында жатқаны анық. 
Әйгілі Хемингуэй “Кез келген адамның жүрегіне жететін әңгіме жазамын және ол 6 сөзден ғана тұратын болады”,- деп сөз берген екен. Жазушы айтқанында тұрды, мағынасы терең туынды жазды. Ағылшыншасы «For sale: baby shoes, never used». Қазақша мағынасы: «Баланың аяқ киімі сатылады. Киілмеген».
Дүниедегі ең қысқа әңгіме:
(Бұл әңгіме Англияның «Бүгіннің айнасы» газеті өткізген «Үш сөздік әңгіме» байқауында жүлде алған).Ағылшын тілінде: God is diyng.Мағынасы: Құдай өлейін деді.
Фредерик Браунның  ең қысқа қорқынышты әңгімесі де оқырман есінде бар.  «Жер бетіндегі ең соңғы адам бөлмеде отырған. Есік қағылды…»
* * *
Америкалық жазушы О. Генридің мына әңгімесі қаншалықты қысқа болса да, көлемді шығармалар сияқты кіріспесі, негізгі бөлімі, қорытындысы бар. «Аузына темекі қыстырған жүргізуші жанармайын тексеру үшін жанармай багіне үңілді. Марқұм жиырма жаста еді».
* * *
Ең қысқа биографиялық әңгіме жазу байқауында жеңіске жеткен француз әйелі былай деп жазған екен: «Бұрын менің бетім тегіс, ал белдемшем қыртыс-қыртыс болған, қазір бәрі – керісінше».
Спарталықтардың Македония ханы Филипп екіншінің хатына жазған жауабы да тарихтағы ең қысқа жазбаларға жатады. Хат алмасу төмендегідей болған:
«Тез арада берілуге кеңес беремін. Себебі, егер менің әскерім сендердің жерлеріңе кіретін болса, мен сендердің бақтарыңды құртып, адамдарыңды құл етемін, қаланы жоямын».
Спарталықтар жауабы: «Егер».
* * *
Виктор Гюго өзінің “Аластатылғандар” романын баспаға жіберерде жанына  «?» жазылған хатты қосып жіберген. Баспаның жауабы «!» болған екен. Сыншылардың пікірінше автор сұрақ белгісін жіберу арқылы туындысына баға беруді сұраған екен. Баспа сәйкесінше леп белгісімен “Керемет” деген баға берген.

syrboyi.kz​​​
06 қазан 2021 ж. 530 0