Марокко билігі Ресеймен тікелей рейстерді тоқтатты

Бұл туралы Рабаттағы Ресей елшілігі Facebook парақшасында хабарлады.
Марокко билігі тарапынан бұл шешімінің себептері туралы әзірге ақпарат берілмеген.
Мамыр айында Ресей COVID-19-бен күреске байланысты шектеу шараларын алып тастағаннан кейін 8 елге, оның ішінде Мароккоға рейстерді қалпына келтірген болатын.
Ресей Федерациясы Марокко азаматтары қыркүйектен бастап Беларусь арқылы транзитпен кіре алатынын хабарлады.