Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 5 қазаннан бастап енгізілетін шектеу шаралары белгілі болды

Қазақстанда 5 қазаннан бастап енгізілетін шектеу шаралары белгілі болды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда енгізілетін жаңа шектеулер туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Инфекцияның алдын алу мақсатында ведомствоаралық комиссия 2020 жылдың 5 қазанынан бастап келесі шектеу шараларын енгізуге шешім қабылдады.Басқа елдермен рейстерді қалпына келтіру тоқтатылады. Ресеймен әуе байланысын сол қалпында қалдырып, Түркиямен рейстерді азайтамыз", - дейді Цой.
Сонымен қатар, министр шетелден келген азаматтар үшін енгізілетін арнайы талаптарды түсіндірді. 
"Екінші санаттағы елдерден келетін адамдар үшін термометрия, сауалнамалар, коронавирусқа тест алу туралы куәліктің болуы сияқты міндетті талаптарды белгілеу қажет, тест жауабы соңғы үш күнде жасалған болуы керек. Сертификаттар болмаған жағдайда, келгендер ауруханада COVID-19 зертханалық тексерісі үшін екі күнге дейін оқшауланады", - деді министр ОКҚ онлайн брифингінде.
stan.kz
02 қазан 2020 ж. 486 0