Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейде зауытта жарылыс болып, 16 адам қаза тапты

Ресейде зауытта жарылыс болып, 16 адам қаза тапты

Бүгін Ресейде Рязань облысындағы «Эластик» зауытында жарылыс болды. Қаза тапқандар бар. 

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 16 адам қаза тапты, бір адам ауыр жағдайда. ТЖМ хабарлауынша, өрт технологиялық процестің бұзылуынан болған.
Оқиға орнында психологтар мен Апаттық медицина бригадалары жұмыс істеп жатыр. Рязань Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Филиппов пен ТЖМ басшысының міндетін атқарушы Александр Чуприян да оқиға орнында.
Бір және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу туралы қылмыстық іс қозғалды, - делінген хабарламада.
Зауыт сайтында кәсіпорынның алты жыл бұрын банкротқа ұшырағаны және 2017 жылдан бері жұмыс істемейтіні көрсетілген. Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, кәсіпорын жарылғыш заттарды өндірумен, сақтаумен және оқ-дәрілерді жоюмен айналысатын компанияға тиесілі.


baq.kz
22 қазан 2021 ж. 481 0