Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Анасы мен ұлы лотереядан 17,5 миллион теңгеден ұтып алды

Анасы мен ұлы лотереядан 17,5 миллион теңгеден ұтып алды

Англияның Бутл қаласында анасы мен ұлы бір уақытта әрқайсысы 17,5 миллион теңгеден (30 мың фунт стерлинг) джекпот ұтып алды. Бұл туралы Daily Mirror-ға сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

60 жастағы Кэтлин Миллер лотерея ойнағысы келмегенін мойындады. Оны 35 жастағы үлы Пол көндірген. Ұтысқа ие болғаннан кейін, әйел шабыттанып, достары мен туыстарын ойынға шақырған. 
Миллер ұтып алған ақшасының бір бөлігін Абу-Дабиде тұратын әпкесіне барып-келуге жұмсамақ. Британиялық әйел біраз уақыт бойы ақшаны уайымдамайтынына қуанды. 
Ал Пол ұтысын екіге бөлмек: бір бөлігіне ұлына сыйлықтар алса, екінші бөлігін сақтап қоймақ.
Лотерея билетінің құны – шамамен 5 800 теңге (10 фунт стерлинг). Билет сатылымынан түскен қаржының кемі 33 пайызы қайырымдылық қорларына аударылады. 
09 қараша 2021 ж. 1 489 0