Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа жылды әлем қалай тойлайды?

Жаңа жылды әлем қалай тойлайды?

Жаңа жыл әр халықтың асыға күтетін мерекесі. Себебі, күндіз-түні қарбалас тіршілікте жүретін адамдар мерекенің арқасында бір-біріне көбірек көңіл бөліп, алыстағы ағайынын хабарласып құттықтап, айналасындағы жақындарына сыйлық беріп арқа-жарқа болатын кезі. Осы орайда Массагет әлем халықтарының жаңа жыл мерекелері тарихына үңіліп, олардың бір парасын назарларыңызға ұсынып отыр.

• Мысырда Жаңа жыл жаз айларының басында, Ніл өзенінің құяр жерінде тойланған;

• Ежелгі Грекияда Жаңа жыл жазғы күн тоқырауы – 22  маусымда тойланып, шарап құдайы Диониске арналған;

• Ресейде Жаңа жыл 1 қыркүйекке келеді. Тек 1700 жылдан бастап Петр I жарлығы бойынша Жаңа жыл 1 қаңтардан бастап тойланады. Патша жаңа жылды тойлауды, жаңа жыл түнінде от жағуды, үйді жасыл желекке бөлеп, бір-бірін құттықтауды бұйырған. Бұл кезде шерулер өтіп, түрлі-түсті зымырандар атылған осы әдет әлі де сақталып келеді;

• Жаңа жылда сыйлық жасау дәстүрі Ежелгі Римде пайда болды, олар бір-біріне сәттілік пен бақыттың символы лавр жапырағын сыйлады;

• Германиядағы басты мереке – Рождество. Жасанды шырша мен шыныдан жасалған ойыншықтар алғаш рет Германияда пайда болды. Жаңа жылдың өзі Германияда екінші мереке ретінде тойланады;

• Австрияда Жаңа жыл қарсаңында болашағын болжау дәстүрге айналған. Олар әртүрлі пішіндерді сатып алады, содан кейін оны ерітіп, контейнерге құяды. Ал олар қалыптасқан форма арқылы болашақ өмірлерін болжайды;

• Британдықтар үшін Жаңа жыл алдында киім бағасының күрт құлдырау құбылысы өте маңызды. Сондықтан британдықтар дастарханға қызықпайды, өйткені көп киім алу керек;

• 1 қаңтардан басталатын күнтізбені Рим императоры Юлий Цезарь енгізіп, ол тарихта "Юлиан күнтізбесі" деген атпен қалды;

• Бразилияның астанасы Рио-де-Жанейро қаласына әлемдегі ең биік шырша орнатылған. Оның биіктігі –  76 метр;

• Австралияда жаңа жылда екі рет отшашу болады. Оның бірі түнгі тоғызда балалар үшін, екіншісі сағат тілі түнгі 12-ні соққанда үлкендер үшін жасалады;

• Эскимостар Жаңа жылды алғашқы қар жауған күні қарсы алады;

• Аргентинада жаңа жыл күні кеңсе қызметкерлері ескі құжаттарды терезеден лақтыру дәстүрі бар. Бірде газет мекемесіндегілер қағаз лақтыруға қызу кірісіп кеткені сонша, бүкіл газет мұрағатын лақтырып тастаған екен.

massaget.kz
31 желтоқсан 2021 ж. 1 066 0