ЖАҢА ЖЫЛ, ЖАҢА КҮН, ЖАҢА НҰР!
Жаңа жыл – өткен жылға баға беріп, жаңа бастамалар мен ізденістерге тың қадам жасайтын мереке. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен аттауды қалайды.Осы орайда, Жаңа 2020 жылды айдынды Арал жұртшылығы ерекше шат-шадыман көңіл-күйде қарсы алды.
Дәстүрге айналған думанды мерекеде аралдықтар орталық алаңға жиналып, қуаныштарымен бөлісті. Мерейлі мерекеге орай аудан тұрғындары мен қонақтарының назарына концерттік бағдарлама ұсынылды.
Шаттыққа бөлеген мерекеге аудан басшысы М.Оразбаев қатысып, көпшілікті Жаңа жылмен құттықтады. Аудан әкімі өз сөзінде, «Жаңа жыл – жаңа күн, жаңа өмір бастауы саналатын, өткенге салауат айтып, ертеңге тілек тілейтін жарқын мерекенің бірі. Сондықтан да, Жаңа жылға әр адам үкілі үмітпен, ізгі ниетпен және ақ тілекпен қадам басады. «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» демекші тарих қойнауына енгелі тұрған 2019 жыл тұтас ел үшін, соның ішінде, Арал халқы үшін берекелі, жетістікке толы жыл болды.Енді есігімізден еніп, төрімізге озғалы отырған, жыл басы саналатын Тышқан жылында елімізде тыныштық, молшылық болсын!»-деп, әрбір шаңыраққа амандық, құт-береке тіледі.
Жаңа жылды алаңда қарсы алғандардың қарасы қалың. Олар биыл да қызылды-жасылды түске боялып, айналаны мерекелік көңіл-күйге бөлеген мерекелік отшашуға куә болып, тарихи мезетте суретке түсіруге асықты. Осылайша, теңіз төскейіндегі жұртшылық тышқан жылын сән-салтанатымен қарсы алды.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.