Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢА ЖЫЛҒА ДЕЙІН ҚАНДАЙ ЖОРАЛҒЫЛАРДЫ ЖАСАУ КЕРЕК?

ЖАҢА ЖЫЛҒА ДЕЙІН ҚАНДАЙ ЖОРАЛҒЫЛАРДЫ ЖАСАУ КЕРЕК?

1.Қарыздарыңызды қайтарыңыз

Жаңа жылда қаржылық қиындықтар болмас үшін барлық қарыздарыңызды қайтарыңыз.
 
2.Айналаңызды тазартыңыз

Үйдегі қажет емес заттардың бәрін лақтырыңыз. Ескі-құсқы заттар жаман энергияны жинап тұрады. Ескіи киімдер мен қолданбайтын заттарыңыздың бәрін тастаңыз.
 
3.Өкпе-реніштерді кешіріп, ұмытыңыз

 
Өкпе – у сияқты. Жаңа жылды өкпе арқалап қарсы алудың қажеті жоқ. Әр адам қателесуі мүмкін, сондщықтан өзіңізді ренжіткен адамдарды кешіріңіз. Жаңа жылды жақсы ниетпен бастаңыз.

4.Жыл қорытындысын шығарыңыз

Бір жыл бойы жасаған жұмыстарыңыздың қорытындысын шығарыңыз. Жетістіктеріңіздің бәрін есіңізге түсіріп, нәтижелі  болғандарын, кемшін тұстарын қорытындылаңыз.

5.Келесі жылға жоспар жасаңыз

Өтіп бара жатқан жылдың қорытындысын шығарып болғаннан кейін, келер жылға жоспар құрыңыз. Өзіңізді ештеңеден шектемеңіз. Жаңа жылда жоспарланған істердің жүзеге асу мүмкіндігі жоғары.
 
6.Жақсы іс жасаңыз.

Үй-күйсіз жануарларға, қиналып жүрген жандарға көмектесіңіз.
 
7.Жаңа жылға сыйлықтар жасаңыз
 
Жақындарыңызға, туыстарыңызға сыйлық жасаңыз.

/reactor.inform.kz/
06 желтоқсан 2018 ж. 1 480 0