Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шырша шамы жағылды

Шырша шамы жағылды

Шырша шамын жағу – жаңа жылдық мерекеге деген дайындықтың белгісі. Осындай қызықты да, көңілді мерекені қарсы алу рәсімі ауданымызда дәстүрге айналып,  аралдықтар ауданның бас шыршасының шамын жағу рәсіміне куә болды.
Санаулы күндерден соң жаңа 2020 жыл төрімізге енгелі отыр. Ал жылыстап бара жатқан ескі жылда айтарлықтай айшықты жаңалықтар жетерлік болды. Өткен жылда аудан экономикасының барлық саласында тұрақты өсім қалаптасып, даму көрсеткіштері ілгеріледі.
Аудан орталығындағы алаңда салтанатты түрде шырша шамдарын жағу мерекесіне аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып, алаңда жиналған жұртшылықты келе жатқан жаңа жылмен құттықтады.
 – Бүгiн баршамыз орталық алаңның сәнін кіргізіп тұрған шыршаның отын жағып, мерекелiк шараларды бастауға жиналып отырмыз.Жаңа жыл – бәріміз ақ пейілмен асыға күтетін, қуанышқа толы ең жайдары, келер күнге мол сенім артатын ерекше мереке. Өздеріңіз куә болғандай, ғасыр жылнамасына енгелі тұрған 2019 жыл өзінің толағай табысы мен ырзық несібесін сыйлады, – деген аудан басшысы доңыз жылы жеткен жетістіктерге тоқталды.
Әрі қарай, аудан басшысы М. Оразбаев, 2019 жылы Ресей федерациясы Анапа қаласында өткен Әмбебап жекпе жек спортынан әлем чемпионы Әліби Болатұлы және Жыл үздігі №14-мектеп лицей оқушысы Кәусар Маханбетжан бас шыршаның шамын жақты. Мұнан әрі мерекенің көркін Аяз ата мен ақшақар қыздыра түсті.  Ертегілер әлемінің әртүрлі кейіпкерлері ән шырқап, би биледі. Мерекелік шарада бас қосқан қала тұрғындары мен қонақтары аудан өнерпаздардың өнерін тамашалады.
«Толқын» ақпарат.
29 желтоқсан 2019 ж. 1 231 0