АҚШ Қазақстанның конституциялық институттарын қолдады
АҚШ Мемлекеттік хатшысының демократия, адам құқықтары және еңбек құқықтары мәселелері жөніндегі көмекшісінің орынбасары Кара Макдональд Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Ержан Ашықбаевпен әңгімелесу қорытындысын Twitter-де жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Біз Қазақстанның конституциялық институттарына және Қазақстан халқының табандылығына сенеміз», деп жазды Кара Макдональд.
Әңгіме барысында Қазақстан Үкіметі мен азаматтық қоғам арасындағы сенімді нығайту, сөз бостандығын қамтамасыз ету және елдегі таяудағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен ұсталған адамдардың құқықтарын сақтау мәселелері талқыланғаны айтылды.