Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сауд Арабиясы ханзадасының журналист Хашукджидің өліміне қатысы бар - БҰҰ

Сауд Арабиясы ханзадасының журналист Хашукджидің өліміне қатысы бар - БҰҰ

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің соттан тыс жазалау мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Аньес Каламар Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы журналист Жамал Хашукджидің өліміне қатысты барын айтып, халықаралық санкциялар енгізуге шақырды, -   "Ұсыныстар... Хашукджи өліміне қатысы бар жеке тұлғаларға қатысты мақсатты санкциялар енгізу қажет. Оның ішінде Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы да бар. Мұрагер ханзаданың Хашукджи жазасы үшін жауапты еместігін дәлелдер ұсынғанға дейін осы санкцияларды енгізу қажет", - делінген сәрсенбі күні жарияланған Каламар баяндамасында. Каламардың ойынша, журналистің өліміне қатысы бары дәлелденген Сауд Арабиясы басшылығының жоғары лауазымды өкілдеріне қатысты санкциялар енгізу қажет. Құжат Женевадағы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 41-ші сессиясы барысында Хашукджи өлтіруді тергеу нәтижелерін ресми бағалау қарсаңында жарияланған. БҰҰ Арнайы баяндамашысының қорытындысы 26 маусымда жарияланады. Америкалық Washington Post газетінің шолушысы болып жұмыс істеген сауд журналисі Жамал Хашукджи 2017 жылдан бері АҚШ-та тұрып келген, ол Түркияда 2 қазанда, Сауд Арабиясының Ыстамбұлдағы бас консулдығына барғаннан кейін жоғалып кеткен. Әр-Риядтың мемлекеттік БАҚ-тары 20 қазанға қараған түні Хашукджидің өлгенін хабарлады. Оның өліміне консулдық қызметкерлерімен жанжалдасуы себеп деген нұсқа айтылды. Тергеу аясында 18 адам ұсталған. Ыстамбұл прокуратурасының мәліметінше, Жамал Хашукджиді Сауд Арабиясының бас консулдығында қылғындырып өлтіргеннен кейін денесін бөлшектеп, жойған.
https://kaz.tengrinews.kz

19 маусым 2019 ж. 909 0