Еуропада пандемия аяқталуы мүмкін
Коронавирустың омикрон штамы Еуропадағы COVID-19 пандемиясын тоқтатуы мүмкін. Бұл туралы ДСҰ-ның Еуропадағы аймақтық директоры Ханс Клюге мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Еуропа пандемияның соңғы кезеңіне жақындап қалған болуы мүмкін», деді Клюге.
Аймақтық бюро директорының айтуынша, Еуропада омикронның күрт өсуі басылғаннан кейін біраз уақыт жаһандық иммунитет болады. Ол иммунитет вакцина арқылы немесе маусымдық ерекшеліктерге байланысты қалыптасады.
«Біз COVID-19 қайта оралғанға дейін тыныштық кезеңін күтеміз, бірақ бұл пандемия толықтай аяқталды дегенді білдірмейді.
Бұл вирус бізді бірнеше рет таң қалдырды, сондықтан біз өте сақ болуымыз керек», деді ол.