Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жапония аралына қалың қар жауды

Жапония аралына қалың қар жауды

Жапонияның Хоккайдо аралын қар басып қалды. Қалың қардан қаза тапқандар бар, деп хабарлайды 24.kz.

 Аймақта боран соғып, күтпеген жерден қалың қар басты. Ақ ұлпада көлік түгілі жаяу жүргінші аяқ алып жүре алар емес. Кей жерлерде қардың қалыңдығы 30 сантиметрге жетеді. Тосыннан келген циклоннан аймақта 200-ге жуық әуе рейсі кейінге шегеріліп, пойыздар кешіккен. Маңызы бар автожолдарда ірі жол-көлік апаттары тіркеліпті. Қаза тапқандар бар.

baq.kz
23 ақпан 2022 ж. 418 0