Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Испанияда тоқтаусыз жауған қардың салдарынан елдегі көлік жүйесі толық тоқтады

Испанияда тоқтаусыз жауған қардың салдарынан елдегі көлік жүйесі толық тоқтады

Испаниядағы тоқтаусыз жауған қалың қардың салдарынан үш адам қаза тапты, елдегі көлік жүйесі толық тоқтап қалды. Әуе және теміржол қатынасы жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.
Испания астанасына жақын маңдағы жолдарда қар құрсауында қалған көліктерді шығару үшін төтенше жағдайларға қарасты әскери бөлімшелер тартылды. Қар әлі толастамағандықтан Мадридтің Барахас әуежайы барлық рейсті тоқтатты. Көптеген жолаушы әуежайда түнеуге мәжбүр болды. Көлік басқармасының мәлімдеуінше, қалың қар елдегі негізгі 400 жолдағы көлік қозғалысына кедергі келтірген.
Биліктің үйден шықпау керектігі жөніндегі үндеуіне қарамастан Мадрид тұрғындары табиғаттың сирек құбылысын тамашалау үшін көшеде жүр. Өйткені қалада мұндай қалың қар соңғы рет 1971 жылы жауған. Мадрид пен оған жақын кенттердегі мектеп және университеттер алдағы дүйсенбі және сейсенбі жұмыс істемейтін болды.
Испаниядағы 50 провинцияның 36-сы қарға байланысты төтенше жағдай жариялады. Каталония мен Кастилия-Ла-Манчада ауыр жүк көліктерінің жүрісі шектелді. Сондай-ақ елдегі бірқатар өңірде электр қуаты өшіп қалған.
inform.kz​​​
10 қаңтар 2021 ж. 465 0