Сочиде қармен бірге құм жауған

Курорттың анықтама бюросы ТАСС-қа қардың түсі сарғыш тартқанын растаған. «Роза Хутор» өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл жағдай шаңғышылар мен сноубортшылардың сырғанауына ешқандай кедергі келтірмейді. Курортта демалып жатқан туристер жергілікті пейзаждың апокалипсис немесе Марс туралы кинолардағы кадрларды еске түсіретінін жарыса жазуда.
Құм қармен бірге жауған. Шамамен құмды Солтүстік Африка жақтап дел айдап әкелуі мүмкін деген болжамдар айтылуда.