Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресей Украинаны Гомельде болатын келіссөзге шақырды

Ресей Украинаны Гомельде болатын келіссөзге шақырды

Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украин делегациясын Беларуссиядағы Гомель қаласында өтетін келіссөздерге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Гомельде орналасқан делегация құрамына Сыртқы істер министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің және Ресей Федерациясының басқа ведомстволарының, соның ішінде Президент Әкімшілігінің өкілдері кіреді.
«Ресей тарапы Гомельдегі келіссөздерге дайын, енді біз украиндықтарды күтеміз», деді Песков.
Зеленский Гомельде келіссөздер жүргізуге келіспеді. Оның айтуы бойынша келіссөздер Варшава, Будапешт, Стамбул, Баку қалаларында өтіу мүмкін, тек  Беларусь аумағында емес.
27 ақпан 2022 ж. 501 0