Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Венадағы Ресей елшісі Австрия Сыртқы істер министрлігіне шақырылды

Венадағы Ресей елшісі Австрия Сыртқы істер министрлігіне шақырылды

Ресейдің Венадағы елшісі Мәскеудің бір күн бұрын қабылдаған шешімінен кейін Австрия Сыртқы істер министрлігіне шақырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Австрия канцлері Карл Нехаммер Венада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Ресейдің кешегі шешімі халықаралық құқыққа қайшы және жалғасып жатқан дипломатиялық келіссөздерге нұқсан келтіретін қадам», деді канцлер.

Ол Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы шиеленіске байланысты дағдарыс кабинеті құрылғанын, Мәскеу мен Киев арасында соғыс болған жағдайда Австрияға тиетін зардаптарды талқылайтынын атап өтті.
23 ақпан 2022 ж. 613 0