Қазақстан мен Катар арасындағы рейстер көбейеді

«Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес 2022 жылғы 8 наурыздан бастап катарлық «Qatar Airways» әуе компаниясы Доха - Алматы - Доха бағыты бойынша рейстер санын аптасына 2-ден 3 рейске дейін және 2022 жылғы 19 наурыздан аптасына 3 рейстен 4 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр», делінген хабарламада.
Рейстер А320 типті әуе кемесінде дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.
Осы бағыт бойынша рейстердің ұлғаюы сауда-экономикалық ынтымақтастықты, туризм мен елдер арасындағы іскерлік әріптестікті дамытуға, сондай-ақ Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.