Румынияда әскери тікұшақ құлап, 7 адам қаза тапты

Ұшақ бортында экипаждың жеті мүшесінен басқа Румыния әскери-теңіз күштерінің екі құтқарушысы болған.
Тікұшақ патрульдік ұшу кезінде радардан жоғалып кеткен МиГ-21 жойғыш ұшағын іздеу үшін ұшып шыққан.
Апатқа ұшыраған тікұшақтағы жеті әскери қызметкердің қаза тапқанын Румыния армиясы қорғаныс штабының басшысы генерал Даниэль Петреску растады.
Қазіргі уақытта МиГ-21 ұшқышын іздеу жұмыстары жалғасуда.