Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Финляндияда 12-17 жастағы балалар кронавирус вакцинасының ІІІ дозасымен егіледі

Финляндияда 12-17 жастағы балалар кронавирус вакцинасының ІІІ дозасымен егіледі

Финляндия тәуекел тобындағы 12-17 жастағы балаларға коронавирус вакцинасының ІІІ дозасын егуді ұсынды. Оңтүстік Кореяда соңғы тәулікте індетті жұқтырудың антирекорды тіркелді. Бұл туралы Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында жазылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
АҚШ-та Сенат коронавирусқа байланысты елде енгізілген төтенше жағдай режимін жоюды қолдады. Республикашылар ұсынған бастаманы 48 заң шығарушы қолдады, 47 сенатор қарсы дауыс берді. Осыған қарамастан, Ақ үй Президент Джо Байденнің құжатқа қол қоймайтынын бұған дейін хабарлаған болатын.
Финляндияда тәуекел тобындағы 12-17 жастағы балаларға вакцинаның үшінші дозасын салу ұсынылды. Сонымен қатар Ұлттық денсаулық сақтау институты 12-17 жас аралығындағы барлық балаларға үшінші дозаны медициналық емес себептермен, яғни саяхаттау үшін қажет болған жағдайда егу бастамасын көтерді. Оңтүстік Кореяда соңғы тәулікте COVID-19 ауруы бойынша антирекорд тіркелді. Өткен тәулікте елде 266 853 жағдай анықталды. Сонымен қатар, пандемия кезіндегі жағдайлардың ең көп саны
Вьетнамда — 125 587 және Малайзияда — 32 467 дерек тіркелді.
05 наурыз 2022 ж. 481 0