Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзбекстан қытайлық вакцинаның екінші және үшінші дозасын енгізуді тоқтатты

Өзбекстан қытайлық вакцинаның екінші және үшінші дозасын енгізуді тоқтатты

Өзбекстанда қытай-өзбек вакцинасының екінші және үшінші дозасымен халықты вакцинациялау бір аптаға тоқтатылды. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық пен қоғамдық денсаулық сақтау қызметі Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аймақтық департаменттеріне жіберген хатта айтылған, деп хабарлайды Анадолу сайты.

Бұл шара халықты кейіннен егуді оңтайландыру үшін қабылданғаны атап өтілді.
Бұл ретте қытай-өзбек вакцинасының бірінші дозасын Өзбекстанның барлық егу пункттерінен алуға болады.
7 тамыздағы жағдай бойынша республикада вакцинаның 10 миллионнан астам дозасы қолданылды. Бірінші дозаны 6,8 миллионнан астам адам қабылдады, екіншісін – 2,3 миллион адам және үшінші – 887 мың.

baq.kz
12 тамыз 2021 ж. 311 0