Дәрігерлер өлді деген сәби мәйітханада "тірілді"

Жағдай Урмия қаласында болған. Жергілікті БАҚ мәліметінше, аурухана дәрігерлері алты айлық сәбиді тексеріп шығып, тірі екенінің ешқандай белгілері байқалмаған соң оны өлдіге санаған. Кейін денесін мәйітханаға жіберген. Алайда соңғы сапарға шығарып саларда сәбидің шын мәнінде тірі екені белгілі болды.
Қаланың жерлеу қызметі басшысы Аббас Абединидің айтуынша, сәбидің отбасы болған жағдайға қатты таңғалған.
"Олар есеңгіреп, таңғажайып үшін алғыс айтып жатты", — деп қосты ол.
sputniknews.kz